 
                                    Ресей қауіпсіздік және әскери-техникалық көмек саласында Орталық Азия елдерінің басты серіктесі – деп мәлімдеді РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
Сергей Лавров «Российская газета» басылымына жариялаған «Россия – Центральная Азия: партнерство, испытанное временем» атты мақаласында: «Ресей соңғы 25 жылда Орталық Азия елдеріне мемлекетаралық келісімдерден бөлек, ҰҚШҚ (ОДКБ), Шанхай ынтымақтастық ұйымы, ТМД аясында әскери-техникалық, терроризммен күрес, қауіпсіздік салалары бойынша көмек көрсетіп келеді. Қазіргі таңда Ирак пен Сүриядағы соғыстың аяқталуы мен Ауғанстандағы тұрақсыздықтың жаңа деңгейге көтерілуі Орталық Азияға үлкен қауіп төндіріп тұр. Осы арада жоғарыда аталған ұйымдар мен Ресей көмегінің орыны ерекше. Біз Орталық Азия елдерінің осы уақытқа дейін аймақтың дамуына қосқан үлестерін жоғары бағалаймыз. Еуразиялық экономикалық одақ, Ресей мен Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейде екендігінің айқын дәлелі. Қазақстан мен Қырғызстан аталмыш ұйымның толыққанды мүшесі. Қазір Еуразиялық экономикалық одақтың жалпы ішкі өнімі 2,2 трлн долларды құрайды. ЕАЭО бұл жай ғана одақ емес, ол–182 миллион тұтынушы» - деп жазған.
Бұдан бөлек Сергей Лавров Ресейдің осы уақытқа дейін Орталық Азия елдеріне 20 млрд доллар көлемінде инвестиция құйғандығы жайында, аймақта ресейлік және бірлескен 7,5 мың кәсіпорын жұмыс істейтіндігі жайында айтқан. Сергей Лавров аталмыш мақаласында Орталық Азия елдерін мақтаудан басқа, олардың Ресейге қанша қарыз екендігін де ескерте кеткен. Лавров мырзаның сөзінше, қазіргі таңда Қырғызстан Ресейге 488 млн, Өзбекстан 856 млн доллар көлемінде қарыз. Бұл тізімнің ішінде Қазақстан жоқ.












 
                                                        





 Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                        Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                     Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                        Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                     Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                        Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                     Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                        Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                     ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
                                        ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
                                     Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
                                        Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?