АҚШ-тың ғарыш зерттеу кәсіпорны саналатын SpaceX компаниясы 2022 жылға қарай 240 адамдық зымыранды жасап шығарады. Онымен жолаушылар алыс аралыққа сапарлай алады, деп жазды Жапонияның Nikkei сайты.
Зымыран сағатына 27 мың шақырымға дейін ұшады. Мәліметтерге сенсек, ұшқыр көлік жер шарындағы кез келген қалаға жарты сағатта адамдарды жеткізіп қояды екен. Бір қызығы, жүйрік көлікке адамдар кеңістікті көру үшін де, шетелдерге сапарлау үшін де міне алады. Бағасы қазірше белгісіз.
Жаңалықты жасаушы компанияның ең жоғары лауазымды атқарушысы Илон Масктың айтуынша, болашақта адамзаттың қазір пайдаланып отырған өнімдердің барлығы ірі зымырандар өндірісіне қарай дамиды екен.
Мысалы Нью Йорк пен Шанхайдың арасы 12 мың шақырым. Осы екі қаланың арасына қазіргі кезде адамдар ұшаққа отырып 15 сағат ұшады. Ал егер Space X зымыранымен жолға шыққан кісі 39 минутта бір елден екінші елге жете алады екен.
Әділет Ахметұлы


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?