АҚШ Президенті Дональд Трамп қараша айында өңірлік саммиттерге қатысу үшін алғаш рет Азияға сапар шегеді. Бұл туралы Ақ үйдің ресми мәлімдемесін ВВС ақпараттық қызметі жеткізді. 

Өзінің 11 күндік сапарында Дональд Трамп Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея, Вьетнам, Филиппин, Гаваи аралдарына барады. Дональд Трамптың Филиппин Президенті Родриго Дутертенің есірткіге қарсы соғыс кампаниясын қолдамағаны үшін, осыдан бұрын АҚШ Президенті Манилада өтетін ASEAN саммитіне бармайды деген хабар тараған еді. Енді Ақ үй Дональд Трамптың күнтізбесіне саммитке қатысу енгізілгенін жеткізді.

Осы айдың басында зымыран сынағын өткізген Солтүстік Кореяға экономикалық қысымды арттыру мәселесі Азияға сапардың маңызды тақырыптарының бірі болатыны сөзсіз. Онан бөлек, АҚШ-тың Транс-Тынық мұхиттық еркін сауда айналымынан шығуы Жапония сияқты бірқатар елге ұнаған жоқ. Бес жылға созылған әріптестік әлемнің экономиканың 40 пайызына әсер етті. Америка еркін сауда аймағына мүше болып қалған 11 ел қайта оралуды қаласа, құшақ жая қарсы алатындықтарын білдірді. Бірақ Дональд Трамптың "Екіжақты келісімдер көпжақты келісімдерден әлдеқайда артық" деген мәлімдемесі, оның шешімі өзгермейтінін аңғартса керек. Осы сапар көп мәселеге қатысты Американың позициясын айқындап, оның болашақ серіктестерінің қатарында кімдер қалатынын көрсетеді.

“The Qazaq Times”