Moody's рейтинг агенттігі Brexit Ұлыбританияның экономикалық өсіміне кері әсер етуі мүмкін деген қауіппен елдің қаржы институттарына қатысты кредит рейтингін төмендетті, деп хабарлайды ВВС.
Рейтинг Aa1-дан Aa2 деңгейіне дейін төмендетіліп, жаңа рейтинг бойынша ұзақ мерзімді болжам "жағымсыз" деңгейден "қалыпты" деңгейге өзгертілді.
Ұйымның есебіне сенсек, Лондонның қарызын өтеу бойынша айқын жоспары болмағандықтан мемлекеттің Еуропалық одақтан шығу туралы шешімі экономика жағдайының белгісіз болуына әкеліп отыр.
Айта кетейік, бұған дейін Fitch және Standard & Poor's рейтинг агенттіктері 2016 жылы-ақ Ұлыбританияның рейтингін тиісінше, ААА-дан АА-ға және АА+-тен АА деңгейіне дейін төмендеткен.
Ал Moody's болса "аталған мемлекет үкіметі әлеуметтік қорғау және медицина салалары және тағы басқа бірнеше бағыт бойынша бюджет шығындарын арттырған" дегенді айтады. Сондай-ақ, елдің кірісі шығындарды жаба алмауы мүмкін деген болжам жасап отыр.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?