РФ Қорғаныс министрлігі Сүрияда Ресей генералының көз жұмғандығы жайында ақпарат таратты.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Сүрияда Башар Асад әскеріне әскери кеңес беріп жүрген РФ генерал-лейтенанты Валерий Асапов оққа ұшқан. Ол «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының минометпен атқылауы кезінде көз жұмған. Асапов осы уақытқа дейін Сүрия әскеріне Дейр-эз-Зор қаласын террористерден азат етуге көмектесіп келген.
Дейр-эз-Зор қаласы Сүрияның шығысында Ирак шекарасы маңында орналасқан мұнай мен газға өте бай аумақта орналасқан. Аталмыш шаһар осы уақытқа дейін «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымына қыруар қаржы алып келіп тұрған. Қазіргі таңда Дейр-эз-Зор қаласы үшін Ресейдің қолдауындағы Башар Асад әскері мен АҚШ пен біріккен коалиция бастаған Сүрия оппозициясы әскері «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымына қарсы күрес жүргізуде.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?