Brexit жобасы аясында Ұлыбританияның мейрамханаларында жұмыс істейтін бұрынғы Еуроодақ мемлекеттерінің азаматтары өз елдеріне қайтуына байланысты, қызметкерлер саны күрт қысқаруы мүмкін. Мұндай есепті ағылшын дәмхана желілері ұсынды. Бұл туралы APF ақпараттық агенттігі жазды.
Өткен жылы Brexit референдумынан кейін 12 айдың ішінде Ұлыбританиядан кеткен қызмет көрсету саласында еңбек еткен мамандардың саны 33 мыңнан 122 мыңға дейін өскен.
Франко Манка пиццериясы өз қызметкерлерінің тек 20 пайызы ғана британдықтар екенін, Brexit жобасы көп білікті маманнан айырып отырғанын айтады. Дәмханалар желісі мен тамақтандыру өндірісіндегі өзге кәсіпкерлер кеткен жұмысшылардың орнын толтыруға британдықтар құлықсыз болуы мүмкін деп қауіптенеді.
Ұлттық Статистика Орталығының мәліметінше, қонақ үй саласында өткен жылы бос орындар 3,5 пайыз болса, биыл бұл көрсеткіш 4,3 пайызға дейін өскен.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?