Францияда кәсіподақ мүшелері жаппай ереуілге шығуда – деп хабарлайды TCH телеарнасы.
TCH мәліметінше, кәсіподақ мүшелері ел астанасы Париж қаласында қыркүйектің 21-і күні ереуілге шыға бастаған. Бірақ бүгін бұл жаппай шеруге ұласқан. Франция жұмысшылары ел билігі енгізген жаңа реформаға байланысты ереуілге шыққан. Олардың ойынша жаңа реформа жұмысшы тап өкілдерінің құқығын шектейді.