EXPO-2017 халықаралық көрмесінде сувенирлер сатылымы 300 млн теңгені құраған. Бұл туралы Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Рысгүл Қауғабева мәлімдеді, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.
Рысгүл Кауғабаеваның айтуынша, көрме кезінде кәдесый өнімдерін сататын 630-нан астам сауда орындары жұмыс істеген. Дүкендердің ассортиментінде 250-ден астам өнім түрі ұсынылған.
Осылайша, аталған сауда нүктелерінде 300 млн теңгеге 175 мың лицензияланған тауар сатылған. Басшының сөзінше, Астана тұрғындары мен қонақтары былғары, саз, күміс, киіз және бояудан жасалған кәдесый өнімдерін жиі сатып алған.
Сондай-ақ, Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнерін танымал ету мақсатында Астана арбатында, Бәйтерек монументінің жанында қолөнершілер қалашығы және «Нұр жол» саябағында кәдесый дүкендері құрылды.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?