Иранның вице-президенті Али Акпар Салехи "Америка Құрама Штаты 2015 жылы жасасқан ядролық келісімді бұзды" деп айыптады. Келісімнің болашақ тағдыры туралы келіссөздердің маңызды апталығы басталып жатқан кезде жасалған айыптау, екі жақты қақтығыстың күшейе түсуіне себеп болуы мүмкін. Бұл туралы «The Wall Street Journal» басылымы хабарлады.
Трамп үкіметі билікке келгелі АҚШ пен Иран арасы тіпті де алшақтай түсті. АҚШ президенті Дональд Трамп келесі айда шешім қабылдайтын кезде Иранның ядролық келісімді сақтайтынына сене алмайтынын айтып еді. Бұл пікірлер екі жақты келісімнің бұзылуына әсер етейін деп тұр. 2015 жылғы келісімнен кейін АҚШ Иранға бағытталған санкциялардың бірқатарын тоқтатқан еді. Егер Трамп Иранның ядролық келісімді орындағанына сенбесе, ол Конгреспен Иранға қарсы АҚШ-тың санкцияларын қайтадан қолдануға мүмкіндік береді.
Ал кеше Салехи Венадағы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің жыл сайынғы отырысында сөйлеген сөзінде, Иранның 2015 жылы жасасқан келісімді толығымен орындағанын алға тартты. Айталық, Иран келісім бойынша өзінің ядролық бағдарламасын қысқартқанын айтып өтті. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік Иранның ядролық келісімді сақтауына бақылау жасайды.
Салехи АҚШ үкіметіне қаратқан айыптауында, Трамптың ядролық келісімшартты бұзуға жол ашатын және келісімді жүзеге асыруда Иранның заңды мүдделеріне кедергі келтіретін саясатын сынға алды. Сондай-ақ, іс-әрекеттерін тоқтату туралы ядролық келісімнің хаты мен рухына қарсы екенін атап өтті.
Салехидің айыптау сөздері жаһандық көшбасшылар Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясына қатысу үшін жиналған кезіне сәйкес келді. Ертең, Нью-Йоркте Иран және Иранның ядролық келісімі туралы келіссөздер жүргізген тағы алты елдің сыртқы істер министрлері кездеседі. Егер АҚШ пен Иранның ресми өкілдері де қатысса, бұл Трамптың президент болған сәттен бастап АҚШ пен Иран арасындағы кездесудің ең жоғары деңгейі болмақ. Солай десек те, кездесулер екі ел арасындағы қайшылықты шешуге қаншалық көмек жасай алатынын анық болжау қиын.