Францияның астанасы Парижде қолына пышақ алған ер адам көшеде бір әскерге шабуыл жасады. Полиция тараулары шабуыл жасаушының ұсталғанын жариялады. Бұл туралы Франция ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып, «The Wall Street Journal» басылымы хабарлады.
Полиция жақтың берген мәліметтеріне сәйкес, шабуыл әрекеті сол жердің жергілікті уақытымен жұма күнгі таңғы сағат 6 шамасында, Париждегі басты метро станциясында болған. Шабуылдан зардап шеккендер жоқ деп хабарланды.
Айта кетейік, Франция полиция тараулары орталық қаладағы мектептер, демалыс, көңіл көтеру орындары, діни орындарды қорғау мақсатында 7000 полиция жасағын орналастырған. Соңғы кездері Францияда қауіпсіздікті қорғаушы қызметкерлерге шабуыл жасау әрекеті жиілей түскен.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?