Коронавирустың таралуына байланысты Франциядағы Лувр мұражайы уақытша жабылды.
Мұражай басшылығының айтуынша, ғимаратқа әлемнің түкпір-түкпірінен саяхатшылар келеді. Оның қашан ашылатыны әзірге белгісіз. Басшылық алдын ала билет сатып алғандарға қаржысы қайтарылатынын айтады.
Өткен аптада жергілікті билік елде 5 мың адам жиналатын барлық қоғамдық іс-шараларды кейінге шегеріп, ғимараттарды жабу керек деген шешім қабылдаған. Ресми мәліметтер бойынша, Францияда қазір 130-дан астам адам коронавирус жұқтырғандардың қатарында. Олардың тоғызы ауыр халде жатса, екеуі осы дерттен көз жұмған.
Әлем бойынша коронавирус дертіне шалдыққандар саны күн санап артып барады. Ошағы Қытайдың Хубэй провинциясынан басталып, 65 мемлекетке тарап үлгерген Covid-9 вирусы пандемияға айналуы мүмкін. Соңғы мәліметтер бойынша, 88437 адам ковид-9 жұқтырып, 3039 адам қайтыс болған. Вирус жұқтыру қаупі жоғары бірінші санаттағы елдер қатарында Қытайдан кейін Оңтүстік Корея, Жапония, Гонконг, Тайуань, Макао, Италия және Иран тұр. Өңделген деректер бойынша, аталған дерт Франция, Аустралия, Филиппин, Беларусь, Латвия, Германия және АҚШ-та тіркелді. Сонымен қатар, Ресей, Украина, Армения, Қырғызстанда да вирусқа шалдыққандар карантинде жатыр. Олар Diamond Princess кемесінде болған. Ал Беларусь пен Латвияда ирандық студенттерден коронавирус табылды.
















Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?