Ғалымдардың зерттеуінше, адам денесінің 97 %-ы жұлдызды заттардан тұрады. Олар біздің ғаламшарымыздағы 150 мың жұлдыздарды зерттеу нәтижесінде осындай қорытындыға келген.
Адам мен барлық жер ғаламшарындағы объектілер ғарыштық заттардан тұрады деген тезис – жаңалық емес, әрине. Оны америкалық астроном Карл Саган да айтқан. Алайда АҚШ ғалымдары атомдардың шығуына байланысты нақты зерттеу мүмкіндігін пайдаланып, анықтауға көшкен. Жаңа зерттеу нәтижелері, ауқымды SDSS жобасы аясында, Америка астрономдар қоғамының кездесуінде көрсетілген.
Ғалымдар арнайы аббревиатура да ойлап тапты – CHNOPS. Оның ішінде
көміртек (С), сутегі (H), азот (N), оттегі (O), фосфор (Р) және күкірт (S) бар. Қазір ғалымдар 15 мың жұлдыздардың ішіндегі осы 6 элементтің концентрациясын анықтады. Процесс APOGEE спектографі арқылы жүзеге асқан. Спектр дегеніміз - сызық, яғни жұлдызды сәулелердің құрамына зерттеу жүргізген. Қорытындылай келе, жұлдызды сәулелерде бар элементтер адам денесінің 97%-ын құрайды. Бұл зерттеу «Құс жолын» зерттеушілер үшін де аса маңызды. Сонымен қатар, жер шарының ішкі аудандары ауыр элементтерден тұрады дейді зерттеушілер.
Осы зерттеу жұмыстарынан кейін, астрономдар алты негізгі процессті нақтылап көрсетті: нулеосинтез, жұлдызды жарылыстар, белсенділігі төмен жұлдыздардың жоғалуы, нейтрондық жұлдыздардың бірігуі, ғарыштың сәулелерден туатын ядролық реакция, ақ ергежейлілердің жарылысы. Сондай-ақ, аталмыш зерттеу біздің ғаламшарымыздағы элементтердің қайдан пайда болғанын анықтауға себепші болмақ.
«The Qazaq Times»

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?