Германия қауіпсіздік күштерінің мәліметіне қарағанда, өздерін «Ислам мемлекеті» деп атаған террорлық ұйым 10 мыңның үстіндегі Сүрия елінің паспортын қолға түсірген. Бұл паспорттарды пайдаланып, аталған террорлық топтың адамдары Еуропаға кіруі мүмкін, деп топшыланып отыр. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық агенттігінің ресми сайты хабарлады.
"Sunday picture newspaper" басылымы 10 қыркүйек күні Германия Ішкі істер министрлігінің құпия құжаттарына сілтеме жасай отырып, барлығы 11 мың 100 толтырылмаған паспорт құжаттары «Ислам мемлекеті» террорлық тобының қолында тұрғанын хабарлаған. Германия Ішкі істер министрлігі осы ақпаратты сенімді ақпарат көзінен алып отырғанын айтқан. Бұл ұрланған паспорттар түгелдей Сүрия үкіметінің сериялық номерлері бар, алайда ешбір адамның атына берілмеген, ақ күйдегі паспорттар екені анық болған.
Германияның терроризмге қарсы күрес ұйымының сарапшысы Лаушенстің мәлімдеуінше, бұл паспорттарға террористтер жалған мәліметтер толтыра алады. Сондай-ақ, террорлық ұйымның мүшелеріне өзге елдерде лаңкестік әрекеттер жасауына таптырмайтын дүние болып тұр. Лаушенстің сөзіне қарағанда, Париждегі террорлық шабуылдар да осындай паспорттардың көмегінде жасалған.
Қазіргі уақытта Германия Федералдық полициясы мен Еуропалық елдердің тиісті ведомстволары осы төлқұжаттардың сериялық нөмірі туралы хабардар болған. Еуропа елдері осы мәселені қадағалауда селбестік орнатқалы отырғаны мәлім болды.
"Sunday picture newspaper" басылымының хабарына қарағанда, өткен жылы Германияның Иммиграция және босқындар ісі жөніндегі басқармасы 81 мың 301 босқынның паспортын тексерістен өткізген. Солардың арасында 8 мың 625 дана паспорттың жалған екені мәлім болған. Дегенмен олардың арасында аталған террорлық топтың адамдары жоқ екені де расталған.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі