Биыл Алаш партиясының құрылғанына 100 жыл. Қазақ деп ыстық қаны мен маңдай терін, ақыл-парасатын арнап өткен Алаш арыстарының тойы ЭКСПО қарбаласымен көлеңкеде қалып қойғаны бәрімізді қынжылтатын жағдай еді. Алайда осыған орай айтулы шара 9 қыркүйек күні ОҚО Отырар  ауданында дабыралы түрде тойланып өтті.

Ұйымдаструшылар кеш қонақтарын алқады Фото: QT

Алаш партиясының 100 жылдығы аясында, Отырар ауданы әкімдігі мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Алаш» ғылыми зерттеу институты ұйымдастырып отырған республикалық ғылыми-тәжирбиелік конференция «Алаш автономиясы – ұлттық тәуелсіздіктің негізі» деген атпен аталып Отырарда  шымылдығын ашты.

Тұрсын Жұртбай баяндама жасады Фото: QT

Айтулы шара елдегі кәсіпкер азамат «Otyrar Group» ЖШС директоры Әбдімәжит Сыздықбековтың қаржылай қолдау көрсетуімен өтіп жатқаны бәрімізді қуантты. Құрметті қонақтарды аудан әкімі Ерлан Айтаханов бастаған отырырлықтар күтіп алды.

Шараны ұйымдаструшы Әбдімәжит Сыздықбеков Фото: QT

Алаш рухын ардақтаған тойдың басы қыркүйектің тоғызы күні таңертең баптардың Бабы Арыстан бабтың басына жиналып, қара қой сойып, құран оқып зиарат етуден басталды. Түсте аудандық мәдениет сарайына жиналған қонақтар Алаш идеясын қайта тірілту мақсатында өтетін ғылыми тәжірбиелік конференцияға қатынасты.

Қонақтар Арыстан баб кесенесінің алдында Фото: QT

«Алаш автономиясы – ұлттық тәуелсіздіктің негізі» атты конференция ҚР ҰҒА академигі, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры, профессор Дихан Қамызабекұлының құттықтау сөзімен басталды.

Дихан Хамызабекұлы құттыққтау сөзін сөйледі Фото: QT

Конференция барысында Тұрсын Жұртбай,  Сәмиддин Балабан, Нарбекова Балмаржан, Шерубай Құрманбайұлы, Әбдуақап Қара,  Қайырбек Сәдуақасов, Қайырбек Кемеңгер,  сынды белгілі алаштанушылар баяндама жасады.

Әбдуақап Қара шараны ұйымдаструшыларға силығын табыстауда Фото: QT

Бұл күнде ұрпақ санасынан үзіліп қалған кешегі  Алаш рухын қайта тірілту мақсатында ел болып не істеу керектігіміз туралы жан-жақты талқыланды.

Нарбекова Балмаржан баяндама жасауда Фото: QT

Осы бір келелі істі атқару барысында зиялы қауым өкілдері мен БАҚ өкілдерінің, ұстаздардың, ата-аналардың атқарар міндеті атап көрсетілді.

Жазушы Жәди Шәкенұлы "Ер Жәнібек" қорының атынан, шараны ұйымдастырушы Әбдімәжит Сыздықбековқа шапан жауып, силықтар ұсынуда. Фото: QT

Алаштықтар жайында кітаптар шығару, кино түсіру турасында тиісті орындарға тапсырмалар берілді. Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың атына республика көлемінде жоғары оқу орынының атын беру сияқты келелі істер қарастырылды.

гала-концерттен бір көрініс Фото: QT

Конференциядан кейін аудан орталығындағы «Жұлдыз» мейрамханасында Алаш рухына бағыштап ас берілді. Кешкі шаралар барысында Ш.Қалдаяқов ауылында орналасқан «Алаш» аллеясында обылыстық өнер жұлдыздырының қатымсуымен сахналық қойылым мен гала-концерт өтті.

Кешкі Отырар даласы Фото: QT

Осылайша, Отырар топырағында Алты Алашқа жар салған «Алаш» тойы Президенттің  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, бабалар аманатын келешек ұрпақ санасына сіңіру негізінде жалғасын тапты.  Биылғы жылы ел болып жаппай тойлауға тиісті Алаш автономиясының 100 жылдық тойының азда болса ел көңіліндегі  олқылығын толтырды. Той соңында жиналған жұрт «Балам деген жұрт болмаса – жұртым дейтін бала қайдан шықсын!» - деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай жұртым дейтін ерлеріміз аман болсын, ел еңсесі биік болсын деп тілеп, тарқасты.

“The Qazaq Times”