Еуропарламенттің құқық қорғау комитеті адам мен робот арасындағы қарым-қатынасы туралы кодексті жасау жөніндегі ұсынысты мақұлдады. Бұл туралы Europian Parliament News хабарлайды.

Аталмыш мәселені қарастыру идеясына Люксембургтағы Еуропарламент мүшесі Мади Делвоның  (Mady Delvaux) баяндамасы арқау болған. Оның ойынша, робототехникалардың дамуы мен қолданысқа енуі адам қауіпсіздігінің кепілі болмақ. Ол үшін осындай заңды қалыптастыру керек деп ұсыныс тастады.

Баяндамада робот тарапынан жасалынатын экологиялық немесе денсаулыққа келтіретін зияндарын және адамдар тарапынан міндеттерді нақтылайтын,  этикалық мінез-құлықтарды қарастыратын, ерікті кодекс жасап шығару ұсынылған болатын. Құжаттың бір бөлігінде  өндірушілерге төтенше жағдай бола қалған жағдайда,  машина конструкциясында «өшіру»  пунктін қарастыру туралы ұсыныс айтылған.

Осы кодекстің орындалуын бақылайтын жаңа құрылым – робототехника мен жасанды интеллектке жауапты Еуропалық агенттік. Бұл бөлім техникалық, құқықтық-нормативтік және этикалық экспертизалық секторларды қарайтын бұл бастамасы ұзақ мерзімде жұмыс жасағаннан кейін «электронды тұлғалардың» тіркеуі жүзеге асатын болады.

Дауыс беру нәтижесінде, баяндаманы 17 адам қолдап, екі депутат қарсы пікірін білдірсе, екеуі қалыс қалған. Мади Делво ханым ұсынған  бастаманың тағдырын Еуропарламентте толық құрамда шешу қажет болғандықтан, ақпан айындағы жиналыста анықталады деп жоспарлануда. Егер осы идея мақұлданған жағдайда, құжат құқықтық мәртебесін алады және апаттар жиі орын алатын ұшқышсыз көлік саласына әсер етеді деп күтілуде.

«The Qazaq Times»