Гүлнара Кәрімованың қызы Иман Кәрімова ұзақ уақыттан кейін апайы Лоламен бірге халық алдына шықты.
Қамаудағы өзбек ханшайымы Гүлнара Кәрімованың қызы Иман апайы Лола Кәрімова-Тилляевамен бірге Ислам Кәрімовтың өмірден озғанына бір жыл толуына орай қыркүйектің 2-сі күні Самарқанд қаласында өткен еске алу шарасында атасының қабіріне гүл шоқтарын қойды. Ал Гүланара Кәрімованың өзі бұл іс-шараға қатыспаған.
Шілде айында Өзбекстан бас прокуратурасы таратқан мәлімет бойынша, Гүлнара Кәрімова үй қамағынан түрмеге ауыстырылған. Ол үй қамағына Ислам Кәрімовтың тірі кезінде 2014 жылдың ақпан айында алынған. Ал 2015 жылдың тамыз айында Ташкент облыстық соты оны 5 жылға бас бостандығынан айырған.
Осы біраз уақыт бұрын Гүланара Кәрімованың ұлы Ислам анасы мен қарындасының өте қиын жағдайда екенін айтып ВВС телеарнасына сұхбат берген болатын. Кіші Ислам Кәрімовтың сөзінше, Гүлнара мен Иманның осындай халде болуына әжесі Татьяна мен апайы Лоланың қатысы бар болуы мүмкін.
Бірақ қыркүйектің 2-сі күні Самарқанд қаласында Лола Кәрімова мен Иман Кәрімованың бірге Ислам Кәрімовтың қабіріне гүл шоқтарын қоюы кіші Ислам Кәрімовтың сөзін жоққа шығаруда. Бірақ бұл Өзбекстан билігінің жасап отырған саяси қадамы болуы мүмкін. Өйткені осыған дейін айтқанымыздай Гүлнара Кәрімованың 2 миллиард доллар көлеміндегі қаржысына ресми Ташкенттен бөлек, АҚШ және шетелдерде жүрген Өзбекстанның азаматтық белсенділері үмітті. Шавкат Мирзиеев билігі халықаралық ұйымдар алдында беделін арттыру үшін көпшілік алдына қамауда жатқан Гүлнара Кәрімованың қызы Иманды Лола Кәрімованың қасына қосып шығаруы әбден мүмкін.