Мәскеудің баспасөз қызметкерлері Ақ үйдің тапсырмасымен қызметін тоқтатуға бұйрық берілген Сан-Францискодағы Ресей консулдығына қатысты тексеру жұмыстарын Федералды іздестіру бюросы жүргізетінін хабарлады. Бұл туралы APF ақпараттық агенттігі жазды.
Ресейдің өз еліндегі америкалық дипломаттардың санын қысқартуға байланысты қолға алған шарасы АҚШ-тың Сан-Францискодағы Ресей консулдығын жауып тастауына алып келді.
Қызметін тоқтатуы тиіс консулдық ғимаратының шатырынан байқалған көк түтін, жергілікті куәгерлердің өрт сөндіру қызметін шақыруына түрткі болған. Өрт сөндіру қызметі ресейлік дипломаттар белгісіз құжаттардың көзін жоюға тырысқан болуы мүмкін деген байлам жасады.
Ресейдің Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова Федералды іздестіру қызметінің реселік дипломаттардың жеке иеліктері мен Сан-Францискодағы консулдық ғимаратында тінту жүргізгені "дипломатиялық иммунитет" туралы халықаралық шарттарды бұзып отырғанын мәлімдеді.
Ол өз сөзінде: "Біз Уашингтонның әрекетін айыптаймыз және қарсы шаралар қолданатын боламыз", - деді.
Дегенмен Ресейдің басты дипломаты Сергей Лавров Дональд Трампты айыптауға асықпады. Ол: "Біз АҚШ-пен Ресейдң мүддесіне қайшы келмейтін кез-келген келіссөзге дайынбыз. Екіжақты қарым-қатынастар жақсы өрбуі үшін әріптестер "танго" билеуі тиіс, ал біздің жағдайда Америка әлі де жеке "брэйк -данс" әдістерін қолданып жүр", - деген пікір білдірді.