![](https://qazaqtimes.com/kk/content/uploads/2017/08/f4c1d9da0c5526be44c92e7d119-800x480.jpg?token=f0ce83a571176eb7dab3d59581979865)
"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингінің төрағасы Ерболат Досаев Президенттің жарлығымен ҚР Премьер министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасының премьер министрінің орынбасары болып тағайындалсын", - делінген жарлықта.
Айта кетейік, Ерболат Досаев "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингінің төрағасы болмай тұрып, ҚР Ұлттық экономика министрі қызметін атқарған.