27 тамыз күні Әзербайжанның әскери қару-жарақ қоймасында күшті қопарылыс туды. Сол елдің Денсаулық сақтау министрлігі мен Төтенше жағдайлар департаменті жарылыстан қаза болғандар мен жараланғандардың бар екенін мәлімдеді. Бірақ әзірге дейін нақты деректер таратылмады. Бұл туралы «People» басылымының ресми сайты хабарлады.
«Спутник» агенттігінің хабарында да, Әзербайжан Қорғаныс министрлігі аталған хабарды растағаны туралы айтылған. Жарылыс болған аумаққа 10 құтқару көлігі дер кезінде жеткен. Алайда, қопарылыс қару-жарақ қоймасының бірнеше жерінде арт-артынан қайталанғандықтан құтқару көліктері қоймаға жақындауға шарасыз қалған.
Әзербайжан Қорғаныс және Ішкі істер министрліктері қазірге дейін қопарылыстың нақты себептері мен қаза болғандар туралы нақты ақпараттарды жария етпеген.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі