Қытай АҚШ-тың Венесуэлаға қарсы енгізген санкцияларын қолдамайды. Reuters ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Пекин АҚШ-тың бұл әрекеттері бейбітшілік пен демократияға әкелмейді деп есептейді.
АҚШ Венесуэлада сәуір айынан бастап жалғасып келе жатқан халық қарсылығын ескермегені үшін мемлекет Президенті Николас Мадуроға және мұнай компанияларына қарсы санкциялар салып, қазіргі Үкімет диктатура орнатуға ұмтылысын доғарып, демократия орнатыпайынша, экономикалық шетеулерден бас тартпайтынын хабарлаған болатын.
Ал Венесуэла билігі бұл санкцияларды АҚШ-тың тарапынан жарияланған "сауда соғысы" деп тауып, экономиканы көтерудің басқа тетіктерін табатындарына сенімділік білдірді.
Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Хиа Чунинг: "Біржақты санкциялардың ешқандай оңды нәтижеге алып келмейтінін әлем тәжірибесінен білеміз. Венесуэланың мәселесін оның Үкіметі мен халқы өздері шешуі керек. Қытайдың позициясы өзге мемлекеттердің тәуелсіздігін құрметтеп, олардың ішкі ісіне араласпауға негізделген", - деді.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды