АҚШ-тың Техас штатында болып жатқан Харви дауылынан зардап шеккен қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов мәлімдеді.
"Техас штатындағы Харви дауылына байланысты АҚШ-тағы қазақстандық дипломаттар осы аймақта тұратын қазақ диаспорасының белсенділерімен тығыз байланыс орнатып отыр. Қазіргі кезде бірнеше жүз қазақстандық төтенше жағдайда болуы мүмкін", - деп жазды ол фейсбук парақшасында.
Оның сөзінше, Уашингтондағы Қазақстан консулдығының байланыс телефоны бойынша ақпараттар таратылған. Қазіргі уақытта зардап шеккендер арасында қазақстандықтар туралы ақпарат тіркелмеген.
Айта кетейік, АҚШ-тың Техас штатында басталған Харви дауылы қауіпті 4-деңгейге жетіп, нөсер жаңбыр мен екпіні қатты желдің әсерінен ағаштар құлап, жергілікті халық жарықсыз қалды. Ауа-райы болжамына жауапты мамандар "дауыл дәл осы екпінмен тағы бір аптаға не бір айға ұласса, Техас штаты адам мекендеуге жарамсыз аймаққа айналуы мүмкін" деп хабарлады.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі