АҚШ-тың Техас штатында басталған Харви дауылы қауіпті 4-деңгейге жетіп, нөсер жаңбыр мен екпіні қатты желдің әсерінен ағаштар құлап, жергілікті халық жарықсыз қалды. Бұл туралы CNN ақпараттық агенттігі жазды.
Ауа-райы болжамына жауапты мамандар дауыл дәл осы екпінмен тағы бір аптаға не бір айға ұласса, Техас штаты адам мекендеуге жарамсыз аймаққа айналуы мүмкін деп хабарлады.
Осыған ұқсас қауіптілігі жөнінен 4-деңгейге жеткен табиғаттың тосын құбылысы 2004 жылы болған. Ол кездегі дауылдың салдары туралы деректер әртүрлі болғанымен, шамамен 2 мың адамның өміріне қауіп төніп, бюджетке 108 млрд АҚШ доллары көлемінде шығын келген деп бағаланған.
Жергілікті басшылық штатта қалуға шешім қабылдаған халыққа бұл дауыл 1-2 күнде аяқталатын құбылыс емес екенін ескеруге кеңес береді. Қазір төтенше жағдайлар басқармасы барлық апатты жағдайлардың алдын-алуға күш салып жатыр.