Қытайдың Сауда министрлігі жұма күні кешке Солтүстік Корея кәсіпорындарына қытайлық кәсіпкерлермен бірлескен жаңа жобаларды жүзеге асыруға тыйым салатын құжатқа қол қойды. Бұл шешім БҰҰ-ның барлық әлем мемлекеттерінен Солтүстік Кореямен экономикалық байланыстарды үзуді талап ететін резолюциясы аясында қабылданып отыр. Аталған ақпаратты Әл-Жазира ақпараттық агенттігі таратты.
Министрліктің сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Қытайдың кәсіпкерлік субъектілеріне Солтүстік Корея азаматтарымен бірге заңды тұлғаларының қатысуымен бизнесін кеңейтуге, жаңа жобалар бастауға, басталған әріптестікті жалғастыруға тыйым салынады.
Сондай-ақ Қытайдың инвесторлары Солтүстік Корея экономикасына қаржы құя алмайды. Аталған шешім бірден күшіне енетіні хабарланды.
БҰҰ, АҚШ, Қытай, Жапония мен Ұлыбританияның КХДР-ға қарсы салып отырған санкциялары экономикалық қысым көрсету арқылы Солтүстік Кореяны ядролық қарудан бас тартқызуға бағытталған.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды