Қазақстан экономикасындағы тұрақсыздық елдің кәсіпкерлік белсенділігіне әсер етіп отыр. Осы жылдың 2 тоқсанындағы нәтиже бойынша Қазақстанда өзін жұмыспен қамтыған қазақстандықтардың саны 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,9%-ға қысқарған ( немесе 19 900 мың адам). Мұндай мәлметті Finprom агенттігі келтіріп отыр.
Ал жалдамалы жұмысшылардың саны 1,2%-ға немесе 76 000 адамға көбейген.
Статистикаға сенсек, бизнесте тек өзіне сенімділер қалған. Қазақстанда өзін жұмыспен қамтылған азаматтар бір жыл ішінде 0,3%-ға (5,500 адам) аз болған.
Дегенмен қазіргі кезде өзін жұмыспен қамтығандардың 86,4%-ының табысы күнкөріс деңгейінен әлдеқайда жоғары. 2013 жылдың басында олардың саны бар болғаны 58,3% болған.
Тағы бір ескеретін жайт, қаладағы кәсіпкерлердің тиімділік деңгейі 87,1% болса, ауылда тұратындардікі 85,9%-ды құрайды. Алайда ауылды жерлердегі өзін жұмыспен қамтыған тұрғындар да 2013 жылға қарағанда айтарлықтай жақсы көрсеткішке ие болған. Себебі олардың белсенділігі 2013 жылы 52,7%-ды құраған.
Соңғы жылдары өзін жұмыспен қамтығандардың саны Қазақстанның 8 өңірінде көбейген. Мысалы Алматы облысында 2016 жылдың 2 тоқсанына қарағанда өзі үшін жұмыс істейтін азаматтардың саны 35 700-ге көбейген (19,9%). Ал Ақтөбе облысындағы көрсеткіш 9 600 адамға, Шығыс Қазақстан облысында 9 100 адамға көбейген.