Билік басындағы Монғолия халықтық партиясы елдің премьер-министрі Жаргалтулгын Эрдэнэбатты қызметін дұрыс атқармағаны үшін отставкаға кетуін талап етті.
Монғолия халықтық партиясының 30 мүшесі парламентке ел премьер-министрін отставкаға кетуін талап етіп хат жолдаған. Парламентке жолданған құжатта премьер-министр Жаргалтулгын Эрдэнэбатты қызметін өз деңгейінде атқара алмағаны үшін отставкаға кетуі талап етілген.
Монғолия халықтық партиясының бұл ұсынысы қабыл болу үшін парламенттегі 76 депуттың кем дегенде 39-ы жақтап дауыс беруі керек. Басқарушы партия тарапынан жасалған бұл ұсынысты заң бойынша парламент мүшелері 14 күн ішінде қарап, жауабын беруі тиіс. Бірақ Монғолия тарихында отставкаға кетуге байланысты талаптарды қарау уақыты 2-6 айға дейін созылған.
Жаргалтулгын Эрдэнэбат Монғолия премьер-министрі қызметіне 2016 жылдың шілде айында тағайындалған.