«Астана» футбол клубы биылғы чемпиондар лигасындағы маусымында 6,18 миллион еуро қаржы тапты.
Елордалық клуб биыл чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыға алмағаны үшін 3 миллион еуро, ал еуропа лигасының топтық кезеңіне өткені үшін 2,6 миллион еуро қаржы алған. Бұдан бөлек «Астана» ФК чемпиондар лигасының екінші квалификациялық раундында өнер көрсеткеніне 320 мың еуро және топтық кезеңге шыға алмағаныны үшін 260 мың еуро алған.
Еуропа лигасы аясында клубтың әліде болса әр жеңісі үшін 360 мың еуро, тең ойнағаны үшін 120 мың еуро қаржы табуға мүмкіндігі бар. Ал маусым соңында УЕФА «Астана» футбол клубына телевизиялық және маркетингтік жұмыстардан түскен қаражаттың бір бөлігін беретін болады.
Естеріңізге салайық, кеше тамыздың 22 күні «Астана» өз алаңынада өткен қарымта ойында Шотландиялық «Селтик» футбол клубын 4:3 есебімен ұтқан болатын. Бірақ бұл жеңіс астаналықтардың чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнауына мүмкіндік бермейді. Өйткені олар Шотландияда «Селтик» ФК 0:5 есебімен есе жіберген болатын.