АҚШ "Хизбул моджахедтері" тобын шетелдік террористік ұйым деп тауып, қара тізімге қосты. Үндістан билігі Американың бұл әрекетін қолдап, "Кашмирдегі ең үлкен қаруланған топтың жергілікті халыққа қарсы қандай әрекеттер жасағанын барлығымыз білеміз. Олардың қара тізімге енгізілуі, мемлекеттердің моджахедтерге қаржылай көмек беруін тоқтатады", - деп мәлімдеді.
Үндістанның ресми мәлімдемесі Пәкістанның наразылығынан кейін жасалды. Пәкістанның Сыртқы істер министрі Нафис Закария: "Біз АҚШ-тың бұл әрекетін қолдамаймыз. Кашмирдің саяси тұрғыдан өзін-өзі анықтау құқығы үшін күресіп жатқан топты террористер деп айыптау заңсыз", - деген болатын.
Маусым айында Америка Үкіметі "Хизбул моджахедтерінің" басшысы Саид Салахуддинді "террорист" деп атаған еді.
"Хизбул моджахедтері" Үндістан мен Пәкістан арасындағы территориялық дауға себепкер Кашмир аймағында Үндістанның билік жүргізуіне қарсылық көрсетіп келе жатқан қарулы топ. Үндістан билігі Пәкістан Хизбул моджахедтеріне қару-жарақ беріп, қаржылай қамтамасыз етіп отыр деп есептейді.












                                                        





                                        Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                    
                                        Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                    
                                        Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                    
                                        Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                    
                                        ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
                                    
                                        Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?