Жапония премьер-министрі Шинзо Абе (Shinzo Abe) АҚШ президенті Дональд Трамппен телефонда сөйлесіп, Солтүстік Кореяның зымыран сынақтары мен шабуылдарын тоқтату үшін таным бірлігіне келу керектігін сөз еткен. Бұл туралы АҚШ-тың «The Wall Street Journal» басылымы хабарлайды.
Жапонның Бас уәзірі Шинзо Абе Трамппен болған телефондағы сұхбатынан кейін, Токиода журналистерді қабылдап, екеуара сөйлескен тақырыптар туралы тілшілер сұрағына жауап берген. Ол Трампқа өңірдегі АҚШ-тың одақтастарының қауіпсіздігін қорғауда көрсеткен сенімі үшін алғыс білдірген. Жапон үкіметінің басшысы сөйлесу барысында Солтүстік Кореяның "Гуам аралына зымыран шабуылын жасаймын "дегені аймақтағы шиеленісті ушықтыру үшін айтылғанын алға тартқан.
Сондай-ақ, жапон басшысы сөзінде: «Екі жақ таным бірлігіне келіп, АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея селбестікті нығайта отырып, Ресеймен, Қытаймен және басқа да әлем елдерімен ынтымақтастықты күшейту арқылы Солтүстік Корея зымыран сынақтарына тосқауыл беру керектігін алға тарттық», – деді.
Бұдан бірнеше сағат бұрын Солтүстік Корея өзінің Гуам аралына зымыран шабуыл жоспарын тоқтатқанын ресми басылымдарында жария еткен еді.