Буркино-Фасода орын алған терракт салдарынан 20-ға жуық адам қаза тауып, бірнеше бейбіт тұрғын жараланды. Бұл туралы BBC ақпараттық агенттігі жазды.
Куәгерлердің айтуынша, террористер мейрамханада отырған адамдарға оқ жаудырған. Алдын ала болжам бойынша, олар "Аль-Каида" лаңкестік тобының мүшелері болуы мүмкін.
Лаңкестік топ мүшелерінің нысанасы болған түріктердің "Азиз Стамбұл" мейрамханасы - осы маңдағы туристер арасындағы танымалдылыққа ие болған орындардың бірі. Қаза тапқандардың бірі - түрік азаматы, қалған құрбандардың ұлты әлі анықталған жоқ.
Буркино-Фасоның астанасы Уагадугу қаласында мұндлай терракті оқиғалары соңғы уақытта жиілеп кетті: 2016 жылдың қаңтар айында, жергілікті қонақ үйге жасалған шабуыл кезінде 30 адам көз жұмса, 2017 жылдың наурызында өткен кинофестиваль кезінде 3 адам мерт болды. Дәл осы айда террористердің қолынан мектеп өртеліп, орны толмас шығын болған еді.