Сүрия Үкіметі мен "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымы арасындағы соғыс нәтижесінде территорияның аумағы кеңейіп келеді. Бұл Ресейдің әскери күштері көмек қолын созып отырған мемлекеттік әскери жасақтың қол астына қарайды, деп хабарлайды Al-Jazeera ақпараттық агенттігі.
Тек соңғы екі айдың өзінде-ақ Сүрия әскері мемлекеттің орталық бөлігінде иелігіне қайтарып алған территория бұрынғы қайтарылған жер аумағымен салыстырғанда, 2,5 есеге көп.
Ендігі кезекте Ресейдің әскери әуе күштерінің қолдауына арқа сүйеген ел әскері Сүрияның солтүстік-шығысындағы Дайр-эз-Заур қаласына бет алды. Аталған шаһар 2015 жылдан бері "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымының қол астында. Сүрия Үкіметі өкілінің "Россия 24" арнасына берген сұхбатында: "Дайр-эз-Заурдағы жеңіс "Ислам мемлекеті" ұйымымен арадағы соғыстың соңына таяғанын көрсетеді, сондықтан бұл шешуші қадамдардың бірі", - деген.