Фото: primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Андрей Кобяковпен кездесу өткізді. Бұл туралы Премьер-министрдің ресми сайты хабарлады.
Кездесуде екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, соның ішінде сауда-экономикалық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту бойынша 2017-2018 жылдарға арналған бірлескен шаралардың жоспарын іске асыру барысы талқыланды.
Сондай-ақ, екі тарап Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Беларусь үкіметаралық комиссиясы қызметіне қатысты мәселелерді қарады және биыл Қазақстанда қыркүйек айында өтетін комиссияның кезекті 13-отырысын талқылады.Бұдан бөлек, Қазақстан мен Беларусь арасындағы сауда айналымы 2017 жылғы қаңтар-мамыр аралығында 207,8 млн долларды құрағаны белгілі болды. Бұл өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 73%-ға жоғары.Тараптар Еуразиялық экономикалық одақ аясында өзара іс-қимыл жасасу мәселелеріне назар аударды. Өнеркәсіптік салада, көлік және коммуникациялар, сондай-ақ ғарыш саласында ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралған.Айта кетейік, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Беларусь үкіметаралық комиссиясы 1996 жылдан бастап жұмыс істейді.
“The Qazaq Times”