Иран зымыран құрастыруға бөлінетін қаржы көлемін ұлғайтатын болды, деп хабарлайды ВВС ақпарат агенттігі.
Теһран (Тегеран) парламенті зымыран құрастыру мен шетелде өткізетін әскери операцияларға бөлінетін қаржыны ұлғайтуға байланысты заңды мақұлдады. Бұл заң жобасы АҚШ-тың Иранға салған жаңа санкцияларына жауап ретінде қабылданған.
Заң жобасы бойынша, Иранның жыл бойы баллистикалық зымырандарды құрастыру мен елден тысқарыда әскери операциялар өткізуіне 260 миллион доллар көлемінде қаржы бөлу қарастырылған. Заңды Теһран парламентінің 240 депутаты мақұлдап, 4 депутаты қалыс қалған.
Қабылданған заң жобасына байланысты парламент спикері Әли Лариджани: «Бұл заң Иран билігінің терроризм мен АҚШ тарапынан жасалатын түрлі санкциялық шешімдерге қарсы жасап отырған қадамдарының бірі» - деген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?