БҰҰ Халықаралық көші-қон комитетінің берген мәліметіне негізделгенде, Йеменге қарасты теңіз айдынында адам ұрлаған қарақшылар кемесінен суға тасталған 120 африкалық босқынның 51-і теңізде тұншығып өлді деп хабарлайды «Анатолы» агенттігінің ресми сайты.
Адам саудасымен және аткезшілікпен айналысатын қылмыстық топтар жағынан теңізге тасталған бұл босқындар Африканың Сомали және Эфиопия елдерінен келген. Олар Йемен су айдынына келгенде полиция қайықтарын байқап, 120 африкалық босқынды суға тастаған. Құтқару қайығы жеткенше олардың 51-і теңізде тұншығып өлген.
БҰҰ-ның Халықаралық көші-қон қоғамының берген мәліметіне қарғанда биылғы жылдың өзінде 55 мың босқын Йеменге жету үшін Сомалиден теңізге шыққан. Бұлардың кейбіреуі террорлық топтарға қолды болса, кейбіреуі адам саудалаушы топтардың құрбанына айналады. Ал, аз бөлегі Парсы шығанағы, Қызыл теңіз арқылы Еуропаға өтеді.