АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинге рахмет айтты - деп хабарлайды ВВС ақпарат қызметі.
Дональд Трамп Путиннің Ресей аумағынан АҚШ дипломаттарын шығаруға байланысты шешіміне: «Мен оған рахмет айтқым келеді. Қазір біз мемлекеттік қызметкерлерге бөлінетін қаржы көлемін қысқартуды жоспарлап отырмыз. Ол өте көп адамды ел аумағынан шығарды. Біз осы арқылы көп қаржы үнемдедік. Жеке өзімнің оған деген алғысым шексіз» - деді Нью – Джерси гольф клубында сөйлеген сөзінде.
Естеріңізге салайық, шілде айында Ресей президенті Владимир Путин РФ аумағындағы АҚШ дипломаттарының санын қысқарту керектігін айтып, 755 АҚШ азаматын елден шығаратынын мәлімдеген болатын.
Ал Ресейде 1980-1990 жылдары аралығында жұмыс істеген АҚШ дипломаты Дональд Йенсонның айтуынша, Ресейдегі АҚШ дипломаттарының санын қысқарту АҚШ елшіліктерінің жұмысына көп кедергі жасамайды. Керсінше ресейліктердің өзіне кедергі келтіреді. Өйткені елшілік штатының қысқартылуы виза алу процессін баяулатады.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?