Қазақстан және Гвинея Республикасы гидроэлектроэнергияны және басқа да энергия көздерін бірлесіп дамыта алады. Бұл туралы ЭКСПО-2017 көрмесі аясында елдің Ұлттық күніне арналған баспасөз конференциясында Сауда министрлігінің штаб басшысы Бала Допавоги мәлімдеді деп хабарлайды Стратегия-2050 сайты.
Министрдің сөзінше, Гвинеяның мақсаты - Қазақстаннан инвесторларды тарту. "Қазақстанда мұнай және газ бар, ал бізде гидроэлектроэнергия саласында үлкен әлеует бар. Осылайша, гидроэлектроэнергияны және энергияның басқа да көздерін бірлесіп дамытуға болады", - деп атап өтті Бала Допавоги..
Сондай-ақ, ол екі ел арасында күн энергиясын және жел энергиясын дамыту бойынша ұқсастық бар екеніп атап өтті.
"Біз қосымша және энергетикалық өңірлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете отыра, ұлттық деңгейде ғана емес, әлемдік деңгейде де өз үлесімізді қоса аламыз", - деді Гвинея өкілі.
Айта кетейік, биыл Қазақстан мен Гвинея арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауына 25 жыл толған.