«3D-басып-шығарудың дамуына байланысты, дәрігердің жазып берген дәрілерін пациент үйден шықпай-ақ, жасап алуға мүмкіндік алды. Бұл туралы Dubai Health Forum конференциясына қатысқан «РИА Новости» тілшілері мәлімдеді».  

Әңгіме созылмалы ауруларды емдеу туралы болмақ. Дубайдың денсаулық сақтау істері жөніндегі департаментінің сарапшылары, көп ұзамай науқастардың үйлеріне аталмыш технологиялық құралды кіргізетініне сенім білдіріп отыр. Олардың пікірінше, осылайша қымбат тұратын дәрі-дәрмектерге (мәселен онкологиялық ауруларға қарсы қолданатын) кететін шығынды азайтуға болады.

«Біздің идея – аталмыш технологияны емханалар мен үйлерге енгізу. Науқас адамдар дәрілер комбинациясын дұрыс мөлшерде басып-шығарады. Аппаратты дұрыс қолданған жағдайда, бұл тәсіл емделушілер үшін  әлдеқайда тиімді әрі жылдам болады. Ауруханалар қазіргі уақытта дәрілер шығарумен айналыспайды. Дегенмен бұл ахуалды өзгертуге болады және мендициналық орталық өз өндірістік жобасына іске қоса алады», – деп хабарлайды компания өкілі Альваро Гоянес.

Фармацевтердің ендігі міндеті: «басып-шығарылатын» таблеткалардың әр дайындамаға қажетті нақты дозасын анықтап беру. Осы дайындалғандар ауруханаларға жіберіліп, сол жерден шығарылатын болады. Өндірушілердің айтуынша, бұл жалған дәрілердің өндірісіне тосқауыл болмақ.

Бұл технологияларды тәжірибе ретінде жануарларға қолданып көрді. Алайда, басқарушылардың тарапынан мақұлдау үшін әлі де 2 жыл уақыт қажет.

Дәрілерді 3D-да басып-шығару қатаң тәртіпте бақыланатын болады. Ал иелену мүмкіндігі арнайы кодтардың көмегімен  жүзеге асады.

Гүлім Рысқұл

"The Qazaq Times"