Осы жылдың бірінші жарты жылдығында қазақстандық банктер кредиттік карталарды белсенді түрде шығара басаған. Алайда осы құрал бойынша мерзімі өткен қарыз көлемі де артып жатыр. Бұл туралы Бірінші кредиттік бюро өкілдері хабарлады.
БКБ-ның мәліметінше, кредит нарығы 2016 жылға қарағанда екі есеге ұлғайған. Банктер арқылы тағайындалған кредиттер лимитінің жалпы сомасы осы жылдың алты айында-ақ 38 млрд теңгеге жеткен. Ал 2016 жылдың 12 айында 39 млрд теңге болған. Ал кредит карталарының портфелі (қарыз) 45,2 млрд теңге шамасында, ал қолданыста жүрген карта саны 410 мың данадан асқан.
БКБ ақпаратына сенсек, осы жылдың алты айында бөлшек кредиттердің жиынтық сомасы 4,81 трлн теңгеге жетті. Ал төлем мерзімі 90 күннен асып кеткен кредиттердің алты айдағы үлесі 17,3 пайызды құрады. Бұл мамыр айындағы көрсеткішке қарағанда 0,6 пайызға аз, алайда бірінші тоқсанмен салыстырғанда 0,2 пайызға жоғары.
"Біз банк сегментіндегі маркетингтік белсенділіктің төмен болуына қарамастан тұтынушылардың ұсынысы мен сұранысының артуына байланысты нарықта қалыпты өсім болады деп болжап отырмыз", - дейді бюро сарапшылары.
Сондай-ақ, бюро өкілдері нарықта жалпы кредиттеу үлесі артып келе жатқанын айтады.