1 тамыздан бастап Халық банк және Altyn Bank клиенттері үшін Qazkom cash-in функциясы бар банкоматтарында төлем карталарын теңге және АҚШ доллары бойынша толықтыру жаңа қызметі пайда болды. Бұл туралы Халық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Осылайша Халық банк және Altyn Bank картасын ұстаушыларынан төлем карталарын толықтыру сәтінде комиссиялар алынбайды. Енді Халық банк және Altyn Bank клиенттері Halyk+Qazkom банкоматтар желісінде қос банктің кез келген банкоматынан өз карталық шотын толықтыруда ешқандай айырмашылық көрмейді.
Банктің мәліметінше, 2017 жылғы 1 шілдеде Халық банк cash-in функциясы бар 559 банкомат орнатса, Qazkom қолма-қол ақша қабылдау функциясы бар 465 құрылғыны орнатқан. Бүкіл Қазақстан бойынша Qazkom+Halyk бірыңғай банкоматтар желісінің құрылғылар саны 4659 қамтиды.
Ал 2017 жылғы 1 шілдедегі көрсеткіштер бойынша Халық банк және Altyn Bank шығарған карталар саны – 6 млн төлем карталарынан асқан.
Тамыз бойы іске асырылып Halyk Bank cash-in функциясы бар банкоматтар бойынша Qazkom клиенттеріне де осындай ұсыныстардың жасалуы күтілуде.
Айта кетейік, бұған дейін Халық банк және Qazkom банкоматтық желілерді біріктіру жұмысын бастағаны туралы хабарланған. Енді осы бойынша Halyk және Qazkom карталарын ұстаушылар үшін банкоматтан қолма-қол ақша алу кезінде қосымша комиссиялардың алынуы тоқтатылады.