Ауғаныстанның астанасы Кабулда көлікке орнатылған жарылғыш құрылғы 24 адамның өмірін қиды, деп хабарлайды BBC ақпараттық агенттігі жергілікті билік өкілдерінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.
Ауғаныстанның Ішкі істер министрлігінің өкілі Наджиб Даниш: "Терактінің әсерінен 42 адам жараланған. Ішіне жарылғыш зат орнатылған белгісіз азаматтың көлігі Үкімет басшысының орынбасары Мұхаммед Мохахиктің үйінің жанынан табылды. Негізгі нысан - билік өкілінің өміріне қауіп төндіру болғанға ұқсайды, дегенмен оны күзетшілер тоқтатқан болуы мүмкін", -деді.
Қазірге дейін жарылысты бірде-бір террористік ұйым мен топтар мойындарына алған жоқ. Дегенмен бұл жарылыс мамыр айында ел астанасындағы 150-ге жуық адамның өмірін қиған, өздігінен жарылған жүк көлігі туралы оқиғаға ұқсайды.
БҰҰ-ның келтірген ақпаратына сәйкес, Ауғаныстанда жыл басынан бері осындай қолдан ұйымдастырылған террористік актілер әсерінен 1 мың 662 адам көз жұмған. Құрбандардың 20 пайызы - Кабул қаласының тұрғындары.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер