Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың сөзінше, облыс әлеуметтік-экономикалық даму бойынша көшбасшы аймақтардың арасында. Бұл туралы ол аймақтық БАҚ өкілдерімен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақстан - 2050 сайты.
«Статистика мәліметтері бойынша бірінші жарты жылдықтың ішінде облыс бойынша экономика өсімі шамамен 4 % құрады. Барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер өткен жылдан жоғары және республикалық деңгейден төмен емес»,-деді Бердібек Сапарбаев.
Есептік кезеңде өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 4,9% артты. Өнеркәсіптік кәсіпорындармен 700 млрд теңгенің өнімі өндірілген.
Ақтөбе облысы әкімдігінен хабарлағандай, өңдеу өнеркәсібі 111,4% өсті. Осы көрсеткіш бойынша облыс Қазақстан өңірлері арасында екінші орынды иеленді.
Негізгі капиталға құятын инвестиция да ең үлкен көрсеткішке ие, шамамен 131,8%.
Өңір экономикасына 160 млрд теңгеден аса қаржы тартылды. Ағымдағы жылы 1700 жаңа жұмыс орындарын аша отыра жалпы құны 33 млрд теңге болатын 17 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Жалпы, өңірде 8,2 мың жаңа жұмыс орындары құрылды. Жыл соңына дейін тағы осынша құрылатын болады.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?