ҚР Ұлттық экономика министрлігі "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ бірлесе отырып, өңірлерде кәсіпкерлік жүргізуге жасалған мүмкіндіктерді бағалайтын рейтинг жасау әдістемесін құрастырды.
Әлемдік тәжірибеге сүйеніп жасалған рейтинг еліміздің әртүрлі аймақтарындағы кәсіпкерлерге жасалған жағдайды бизнеске арналған инфрақұрылым, реттеушілік климат пен адам капиталы және жеке іс жүргізуге қажетті қаржыға қолжетімділік критерийлері бойынша бағалайтын болады.
Жобаның басты мақсаты - Қазақстанның әртүрлі аймақтары арасындағы бәсекелестікті арттыру арқылы олардың өзара тәжірибе алмасуына жол ашу. Кәсіпкерлікті қолдау мен олардың жолындағы кедергілерді жоюға бағытталған жобаның қорытындысы бойынша, кәсіп жүргізуге ең қолайлы деп табылған аймақтың әкіміне арнайы сыйақы табысталады.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі өңірлер рейтингін ағымдағы жылдың қараша айында жариялауды жоспарлап отыр.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?