Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның сыртқы саясатта ұстанған басты бағыттары жайында айтты.
Назарбаевтың айтуынша, тәуелсіздік алған 26 жыл ішінде Қазақстан әлемнің 182 елімен достық қарым-қатынас орнатқан. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемнің 57 мемлекетінде өз елшіліктерін ашықан. Ал Қазақстан аумағында әлемнің 95 мемлекетінің елшіліктері ашылған.
«Қазіргі таңда Орталық Азия дамудың жаңа деңгейіне көтерілді. Бұл тұста біздің ұстанған бағытымыз баяғыдай. Біз әлемдік дәрежеде Орталық Азия салмағын арттыру үшін көршілерімізбен бірігіп жұмыс істейтін боламыз. Қазақстанның Орталық Азиядағы басты әріптестері Ресей мен Қытай болып қала береді.» - деді Нұрсұлтан Назарбаев ҚР аккредитацияланған дипломатиялық өкілдіктер басшыларымен кездесуінде.
Бұдан бөлек Назарбаев алдағы уақытта АҚШ және Еуроодақпен әріптестігін даматытынын және бауырлас Түркия елімен достық қарым-қатынасты одан ары арттыруға бар күшін салатынын мәлімдеді.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?