Әлем елдерінің «Үкен 20 тобының» саммиті 7-8 шілде күні Германияның Гамбург қаласында өтетін болып бекітілген. Кезекті Үлкен жиырмалық топтың саммитінің басты тақырыптары ретінде сауда-экономика, қоршаған орта және босқындар тақырыбы талқыға салынбақ. Бұл туралы Қытайдың Шинхуа ақпараттық агенттігі хабарлап отыр.
Германия үкіметі саммит кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Шенген жеңілдігі уақытша тоқтатылатынын мәлімдеді. Дабыралы жиын өтетін мезгілде Гамбург қаласында неше мыңдаған полиция қызметкері қауіпсіздік қызметіне тартылмақ. Екі күн бұрын Германия үкіметінің мәлімдемешісі сөзінде Гамбург қаласы және саммит өтетін аймақты толықтай қауіпсіз аймақ деп мәлімдеді.
Гамбургте өзге жиын мен әлеуметтік іс-шараларға тиым салынды. Германияның қауіпсіздік күштеріне қоса Голландия мен Австрия қауіпсіздік қызметкерлер тобы да шараның қауіпсіз өтуіне қолдау көрсетпек. Саммит кезінде қала орталығы толықтай жабық аймаққа айналады.