Шетелдік сарапшылардың көзқарасы бойынша, 2017 жыл Германия үшін, Еуроодақ және өзге де әлем елдерімен қарым-қатынаста терең белгісіздік жайлаған жыл болмақ. Германияның алдында, 24 қыркүйекте Федералдық сайлаудан сырт, ел ішінде және ЕО-да көптеген түйткілді түйіндерге дөп келгелі тұр.
Германияның алдағы уақыттағы шешуге тиісті ел ішідегі басты проблемалары: Ең алдымен, неміс қоғамының болашақтағы ең үлкен проблемасы болғалы тұрған босқындар интеграциясы мәселесін айтуға болады. Оған қоса лаңкестікке қарсы күрес әлі де өзекті болуда. Сондай-ақ оңшыл популистік күштердің өсуі Германия үшін жаңа саяси айнымалыны ортаны алып келгелі тұр.
Германияға ықпал ететін Еуропа Одағындағы мәселелер: Оңшыл популистік күштердің ықпалы әлі де төмендеген жоқ; Ұлыбританияның ЕО-дан шығуының процесі басталмақ; Еуропалық Одақ өзінің болашақтық жедел даму жобасын жасауы керек.
Германияның әлемдік саясатта дөп келетін проблемалар: Трамптың АҚШ президент тағына келуімен, оның жүргізіп отырған Трансатлантикалық қатынастарда оқшаулау саясатының ықпалы және эрозиясы; Германия үшін Еуропа және жаһандық қауіпсіздігі қамтамасыз ету мен жаһандану процесіне жаңа сенімді серіктес табуы керек.
Сайлаудан кейін Германияның ішкі жағдайы қалай болуына қарамастан, жаңа үкімет осыған дейінгі болып отырған проблемаларды бірден реттеп кете алмайды. Әсіресе, миграция мәселесі мен Еуропа Одағының алдағы тағдыры жөнінде ол елдегі барлық партияның қарары мен көзқарастары бірдей деуге болады. Сондықтан, Германияда орнайтын жаңа үкімет те ағымдағы Ангела Меркелдің саясатын жалғастырушы болады деп болжауға болады.
Ал, экономикалық тұрғыдан алып қарағанда, Германия 2017 жылы неміс экономикасы ішкі және сыртқы қысымдардан көп зардап шегеді деген болжамдар көбірек кездеседі. Бұл жылдағы неміс экономикасының бір ғана талғамы сұраныс пен орындаудың үйлесімділігін сақтап отыру ғана. Дегенмен Ішкі Жалпы Өнім құны 1,7 пайыздан 1,8 пайызға өседі деп болжайды Қытай мен АҚШ сарапшылары. Ал, экономикалық импульсы 2017 жылдан кейін жасалады.
Әлемдік басылымдардағы, соның ішінде «Washington Post», «The Wall Street Journal» және Қытайдың «Шинлаң», «Шинхуа» агенттіктерінің ресми сайттарындағы сараптамаларды қорыта келе, Еуропаның алдағы басты проблемасының бірі болып отырған Ұлыбританияның ЕО-дан бас тартуының басты себептері мыналар деп көрсетуге болады: біріншіден, толықтай мәдени бірлестіктің болмауы; екіншіден, ортақ валюта және егемен ұлт-мемлекеттер арасындағы қайшылық; үшіншіден, капиталдардың жеңіл және күрделі ұқсамаған еңбек мобильдігіне ағылуы мен осыған ұқсас күрделі мәселелер еуропалық интеграция процесіне кедергі нақты факторлар деп айтуға болады.
Осылармен қатар бастапқы «Еуропаның үш қозғаушы күші» болып отырған Ұлыбритания, Франция, Германия арасындағы көшбасшылық құрлымның жүйесіздігі, Францияның ұлттық әлсіздік танытуын да ағымдағы Еуропа жағдайын келтіріп шығарды деуге негіз бар. Ал, алдағы уақытта Германия сыртқы саясатта экономикалық жаһандану және еуропалық интеграция арасындағы жаңа тепе-теңдік нүктесін табуға міндетті болып отыр.