Бір күн бұрын АҚШ үкіметі жариялаған хабарда, Конгрестің мақұлдауымен АҚШ Тайваньға құны 1 млрд 420 млн АҚШ доллары тұратын қару-жарақ сатып беретінін айтты. Бұл Трамп Құрама Штат президенті болғалы бері Тайваньға қару-жарақ сатуды алғаш рет жүзеге асыруы болып саналады. Бұл туралы “The Wall Street Journal” басылымы хабарлаған болатын.
АҚШ жоғары лауазымдыларының бірінің айтуынша Тайваньға сатып беретін қару-жарақтардың ішінде радар, ракеталар мен торпедо қатарлы қорғаныстағы маңызды құрал-жабдықтардан тартып, кемелді қорғаныс жүйесінің сандық технологиясы да бар.
Конгресс қарарында айтылуынша, Конституция бойынша АҚШ-тың Тайваньға қару-жарақ сатуға толық құқығы бар. Соңғы рет Тайваньға қару сату 2015 жылы Обама үкіметі жағынан жүзеге асырылған. Алайда, әр жолы АҚШ Тайваньға қару-жарақ сатып берген сайын, Қытай тарапы күшті наразылық танытып келеді. Ресми Бейжің Тайваньды «Үлкен Қытайдың» бір бөлегі деп мәлімдеуден жазбайды. Ал, АҚШ-тағы Қытай бас елшілігі бұл туралы журналистердің сұрағына жауап беруден бас тартты.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі кешегі берген мәліметінде: «Бейсенбі күні Конгресс шығарған шешім АҚШ-Қытай келісімге келген «Үлкен Қытай» саясатына қайшы келмейді. Оның үстіне АҚШ ұзақ жылдардан бері «Бір Қытай» саясатына қайшылық жасап көрген жоқ», – деді. Ол тағы: «Трамп үкіметінің Тайваньға қару-жарақ сатуы оның дербестігін қолдағандық емес, қайта өзін өзі қорғау қаблетін күшейтуіне берген көмегі», – деді.
АҚШ Конгресінің Тайваньға қару-жарақ сату ісіне қабылдаған шешімнің күшіне ие болуына 30 күн уақыт бар. Егер, екі партияны қамтыған сегіз сенатор үкіметке ратификациялау туралы хат жолдаса, шешімнің күшінен қалуы да мүмкін.