Кеше Тайуан (Тайвань) президенті Сай Иыңвын (Cai Yingwen) АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласына жасайтын сапарының алдында БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді. Ол сөзінде: «Тайуанға жетекшілік етіп, оның дипломатиялық кеңістігін кеңейту менің Тайуан президенті ретіндегі жауапкершілігім. Сыртқа шығудың өзі бәлкім әлемге Тайуанға көз салуға мүмкіндік беру», – деді. Сай Иыңвын ханым және «Тайуанның болмысын, оның бар екенін ешкім жоққа шығара алмайтынын» атап өтті. Бұл туралы The New York Times басылымы хабар таратқан еді.
Тайуан басшысы АҚШ-қа жетуден бұрын жол-жөнекей бірнеше Тынық мұхит аралды елдеріне ат басын бұрады. Ал АҚШ жерінде «ескі достарымен кездесу» өткізеді.
Ал, Бейжің билігі болса Тайуан басшысының шетелдерге ресми сапар жасауына түбегейлі қарсы. Әрі Тайуан басшысының әр реткі шетел сапары тұсында Қытай билігі Тайуан аралының маңында теңіз-әскери жаттығуларын өткізуді әдетке айналдырған. Бұл ретте де Қытай Теңіз армия қарулы күштері мәлімдеме жасап, 13 тамыздан бастап, Хуаңхай теңізі алабында әскери оқу-жаттығу жүргізетіндерін, аталған су айдынына кемелердің кіруіне тыйым салғанын хабарлады.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел