Ақ үй бейсенбі күні кеште жазбаша мәлімдеме жасап, Сальвадор мен Тайуан (Тайвань) қатынасының үзілуіне байланысты алаңдаушылық білдірді және Бейжіңді Батыс жарты шар елдерінің саясатына араласты деп айыптады.
Бірнеше күн бұрын Орталық Америка мемлекеті Сальвадор Тайуанмен болған бірнеше он жылдық тарихы бар дипломатиялық қарым-қатынасын үзіп, Бейжіңмен ынтымақтастық орнататынын білдірген еді.
Ақ үйдің жазбаша мәлімдемесінде: «Байланысты үзу туралы шешім, тек Сальвадорға ғана емес, бүкіл Америкадағы экономика, денсаулық сақтау және қауіпсіздік тақырыптарына әсер етеді. Құрама Штат жағы Сальвадор шешімінен кейін Қытайдың Батыс жарты шардағы бір мемлекеттің саясатына жасаған ықпалына алаңдаушылық білдіреді. Сондықтан да, АҚШ Сальвадормен болған қарым-қатынасты қайта қарайтын болады», – делінген.
Ақ үй тарабы Қытаймен ынтымақтастық орнату, Америка құрлығындағы елдер үшін, қысқа мерзімдік экономикалық өсімге пайдалы болғанымен, ұзақ болашақтан дұрыс шешім емес деп қарайды. Аталған мәлімдемеде: «Кейбір елдер Қытаймен қарым-қатынас орнатып немесе байланысты кеңейтіп, мемлекеттік инвестицияларды тарту арқылы қысқа мерзімді экономикалық өсім мен инфрақұрылымды дамытады, бірақ ұзақ мерзімді перспективада бұл пайдасыз болуы мүмкін», – деп жазылған.
Мәлімдемеде және: «Әлемнің көптеген елдері Қытай тарабынан берілген экономикалық жеңілдіктер тең серіктестік құру емес екенін, керісінше елдің Қытайға тәуелділігін арттыратын және Қытай мәртебесін нығайту екенін түсіне бастады», – делінген.
Ақ үй мәлімдемесі арқылы Қытайдың тоғыспалы қатынастарда тұрақсыздық тудыруына және Батыс жарты шар елдерінің саясатына араласуына қарсы тұратынын білдірді.