Америка Құрама Штаттарында президент Трамптың көші-қонды шектеу туралы жарлығының күшіне енгізілгеніне наразы топ Нью-Йорк пен Лос-Анджелес қалаларында шеруге шықты. Олар бұл жарлықтың күшінен қалуын талап етуде. Бұл туралы “Washington Post” басылымы хабарлап отыр.
Қатысты деректерде айтылуынша АҚШ-тың аталған алты мұсылман еліндегі елшіліктері виза беруді шектеу шарасы 90 күн ішінде жүзеге асырғалы отыр. Мигранттар құқығы жөніндегі белсенділер, сондай-ақ адвокаттар аталған жарлықтан кейін құқықтық тұрғыда қиыншылыққа ұшырағандарға қолдау көрсету үшін Нью-Йорктегі Жон Геннеди атындағы әуежайдың маңына жиналды. Олар наразылық шарасында Трамптың аталмыш ереже жарлықтарын айыптады.
Шеруге шыққандардың сөзінше, Трамптың жарлығы барып тұрған нәсілдік кемсітушілдікке құрылған, аталмыш Америка ұстанымына мүлде қайшы. АҚШ құндылықтарына сәйкес келмейді әрі мемлекет қауіпсіздігіне ешқандай пайдасы жоқ екен.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?