Америка мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Луис Альмагро Венесуэлада демократиялық өзгерістер орын алуы үшін өз қызметінен кететінін мәлімдеді.
Ол осылай Венесуэла президенті Николас Мадуроның: «Егер Луис Альмагро өз қызметінен бас тартса ғана, Венесуэла Америка мемлекеттері ұйымына қайта кіру мәселесін қарастырады», -деген мәлімдемесіне жауап берді.
Атап өту керек, Венесуэла үкіметі аталған ұйымнан шығатынын айтып, өзге одақтас мемлекеттердің ел ішіндегі дағдарысқа байланысты қандай да бір әрекет жасауына тыйым салатындығын жеткізген еді. Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап, Венесуэлада ел президенті Николас Мадуроның саясатына қарсы жалпыхалықтық толқулар болып жатыр.
Луис Альмагро өзінің твиттер парақшасында : «Мен өз қызметімді Венесуэладағы тәуелсіздіктің орнына ұсынамын. Біз Венесуэлада толық тәуелсіздік орнатпайынша, ондағы қиындықтарды еңсеруге араласудан бас тартпаймыз. Бұл дағдарысқа көз жұмып қарап отыра алмаймыз», -деп жазды. Бас хатшы сондай-ақ, Венесуэладағы саяси тұтқындарды босату, елге азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізу үшін гуманитарлық көмек шараларын ұйымдастыру, парламентке оның құзыреттілігін қайтару мен тәуелсіз сот билігін орнату – бірінші кезектегі мәселелер екендігін жеткізді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?