Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының 2017-2020 жылдарға арналған дін саласындағы мемлекеттік саясат туралы тұжырымдамасын бекітіп, Үкіметке қабылданған құжатты жүзеге асыру бойынша үш айлық мерзімге іс-шаралар жоспарын құруды тапсырды.
Тұжырымдаманың мақсаты - еліміздің дамуының зайырлы қағидатын қамтамасыз ету және нығайту, азаматтардың ар-ождан бостандығын кепілдендіру, олардың дінді таңдай алу немесе діннен бас тарта алу еркіндігіне жол ашу.
Дін саласындағы мемлекеттік саясатты ұтымды жүзеге асыру үшін үкімет пен азаматтық қоғам өкілдерінің әріптестігін арттыру, азаматтарды діни сауаттылығын жоғарылату, ақпараттық қызметті күшейту, деструктивті ағымдардың жұмысына тосқауыл қою - Үкімет жасайтын жоспарға енетін шаралардың негізгі бағыттары.
Бүгінде елімізде 18 конфессия мен 3658 діни бірлестік тіркелген. Сондай-ақ Қазақстанда 2550 мешіт, 294 православ және 109 католик шіркеулері, 495 протестант, 2 будда ғибадатханасы, 7 иудей синагогасы мен Кришна және бахаи қауымдастықтарының 7 құлшылық үйлері жұмыс істейді.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды